Аудандық мәслихат депутаттары балаларды мектепке даярлауға атсалысуда
Жаңа оқу жылы қарсаңында «AMANAT» партиясының жалпы Республикалық «Баланы мектепке даярлайық» атты қайырымдылық акциясын бастаған болатын. Дәстүрлі өткізілетін акциясының басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу.
Осыған орай акция аясында аудандық мәслихат депутаттары оқушыларға мектеп формасы, спорттық киімдер және мектепке қажетті оқу құралдарын табыстады.
#AMANAT