Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мектепке жол»: Көмек жалғасуда

«Мектепке жол»: Көмек жалғасуда

Биыл жаңа оқу жылы қарсаңында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға толассыз көмек көрсетіліп келеді.
Қазіргі таңда «Мектепке жол» акциясы аясында аймақта оқушыларға жомарт жандардың есебінен мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектер және ұялы телефондар, планшеттер алып берілуде.
Осы қайырымдылық шарасына Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұжымы да өз үлесін қосты. Қаладағы «БИАЛИ» спорттық киімдер дүкенінің, кәсіпкер Асхат Шаукентаевтың жүзеге асқан шарада 10 отбасыға көмек көрсетілді. Алдағы уақытта тағы 40 отбасыға қол ұшын созу жоспарда.
Сонымен қатар орталықтың ІТ паркпен бірлесе қолға алған шарасы аясында жөндеуден өткен 100-ге жуық компьютер мұқтаж отбасылардың балаларына үлестірілетін болады. Бұл – Сыр жастарының жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға деген тартуы болмақ.
kyzylorda-news.kz
28 тамыз 2020 ж. 435 0