Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгіннен бастап студенттердің шәкіртақысы өсті

Бүгіннен бастап студенттердің шәкіртақысы өсті

Бүгіннен бастап еліміздегі студенттердің шәкіртақысы өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Колледж студенттері үшін стипендия 50% артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрады.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы – 47 135 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындар 75 600 теңгеге дейін көбейді.

Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленеді.

Магистранттар мен докторанттар үшін стипендия 15%-ға өсті: 107 061 теңге және 240 000 теңге болды.

Сурет: baq.kz
01 қыркүйек 2024 ж. 112 0