2019 жылдың қорытынды жиынында студенттердің шәкіртақысын 25 пайызға көтеру туралы айтылған-ды. Енді міне, қанша студенттің шәкіртақысы көбейетіні туралы нақ мәлімет тарады деп хабарлайды Нақты ақпарат.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда 30-дан астам жоғары оқу орны студенттердің стипендиясын 25%-ға жоғарылады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан колледж студенттеріне стипендия төлене бастады. Осылайша 179 мың ЖОО студент пен 136 мың колледж студенттерінің стипендиясы еселенді.
Мәселе қаншаға артты деген сауал туындайды. Оны да тарқатап береміз. Айталық:
- бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге;
- интернатура 37 945 теңгеден 47 431 теңгеге дейін;
- магистратура 53530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін;
- докторантура 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті.
Ал, колледж студенттерінің стипендиясы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге артты.