Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Несие алмаңыздар»: белгілі коуч қазақстандықтарға кеңес берді

«Несие алмаңыздар»: белгілі коуч қазақстандықтарға кеңес берді

Қажетсіз шығындардан арылу үшін алдымен үш сұраққа жауап беру керек

Қаржы ұйымдарынан қарыз алатын азаматтар ең алдымен үш сұраққа жауап беруі керек. Белгілі қаржыгер, коуч Медер Аматов қазақстандықтарды қажетсіз несие алмауға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұрын еліміздің банк жүйесінде жұмыс істеген Аматов соңғы 15 жылда халықтың қаржы сауатын көтерумен айналысып жүр. Оның пікірінше, халықтың көбі қалтасы көтере алмайтын қарызды алып жүр.

Мен халықтың қаржылық сауатты болғанын әрі ақшамен байланысты қателікті жасамағанын қалаймын. Қателік деп отырғаным өзі көтере алмайтын шығынды, мәселен несие алуы. Көп жағдайда адамдар өздеріне аса қажеті жоқ нәрселерді алып жатады. Өйткені қаржылық сауаты жеткіліксіз. Банктерді жұмыс істегенде ондай мысалдардың талайын көрдім. Мысалы бір жаға ұстатарлық жағдай болды. Банктен несие алған әйел қайтыс болып, анасының қарызын 8 жастағы қызының мойнына артып қойды. Банк үшін бұл қалыпты жағдай. Сол сияқты жұмыс істеп жүріп несие алып, бір күні мүгедек болып қалып жағдай кездеседі. Несие өздігінен жойылмайды, ал ол адамда бұрынғыдай жалақы болмайды. Сондықтан қаржы маманы ретінде бәріне бірдей айтатыным несие алмаңыздар, деді ол.

Бұған қоса, ол несиемен қатар бөліп төлеуге де қарыз алмаған жөн деп есептейді. Тек қарызды қайтаратын қаржы дер кезінде түсіп тұратынына сенімді болған жағдайда ғана алуға кеңес береді.

Қаржылық сауат қиын да, қорқынышты да емес. Бірақ ол қажет. Ол қалыпты жағдайға айналу керек. Адам өзінің қаржылық мүмкіндігіне қарап өмір сүруі керек. Қазір көптеген жас әлеуметтік желідегі роликтерді көріп алып, бизнес бастаймын деп несие алып қарызға батып жатыр. Соңында бизнесі жоқ, бірақ банктің алдында қарызы бар. Сондықтан, кез келген адам қандай да бір зат сатып алмамастан несие рәсімдемей тұрып үш сұрақ қойып, соған жауап беруі керек. Ол зат қажет пе, несімен маңызды және алғысы келе ме? Шығындарын осы үш сұраққа топтастырып, жауап іздесе, ол өзі ойлағандай аса қажет болмауы мүмкін. Сонымен қатар қаржылық сауаттың тағы бір белгісі шығындарын жазып отыру. Айдың соңында тізімді шолып шыққанда қай шығынның босқа кеткенін байқауға болады. Яғни, бұл әдіс адамға қажетсіз шығыннан арылып, ақша жинауды үйретеді, деп қосты қаржыгер.

Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Сурет: ашық дереккөз 

02 қыркүйек 2024 ж. 93 0