Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 қыркүйектен бастап карантин және вакцинация енгізілетіні рас па?

15 қыркүйектен бастап карантин және вакцинация енгізілетіні рас па?

ҚР ДСМ Санитарлық-эпедемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желідегі 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеу енгізілетіні туралы ақпараттың анық-қанығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы комитет Телеграм-арнасында жауап берді.
15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеу енгізіліп, бетперде тағу режимі міндеттелетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты.

Алайда ведомство 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталатынын айтты.

"ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес осы жылы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Ал коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді", - делінген хабарламада.


Сурет: ​massaget.kz​​​
03 қыркүйек 2024 ж. 100 0