Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты жұмыс күні қысқара ма – Министр жауап берді

Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты жұмыс күні қысқара ма – Министр жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова уақыттың өзгеруі қазақстандықтардың жұмыс күнін қысқартуды қажет етпейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы еңбек заңнамасы жұмыс беруші мен қызметкер арасында икемді жұмыс кестесін орнатуға мүмкіндік береді.

“Мұндай жағдайда жұмыс уақытын қысқарту туралы мәселе туындамайды. Яғни, 40 сағаттық жұмыс аптасы болса, қызметкер бес күн бойы сегіз сағат жұмыс істеуі керек. Бірақ жұмыс берушімен келісе отырып, жұмысқа бару және жұмыстан шығу уақытын өзгертуге болады”, – дейді Светлана Жақыпова.

Қазақстанда жазғы және қысқы уақытқа көшу мәселесі үш жылдан кейін қаралады
Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуі қайтарылмайтын болды
Сондай-ақ министр мектепке баратын балалары бар қызметкерлер үшін жұмыс кестесі икемделетінін атап өтті.

“Көптеген жүктемесі бар яғни, әртүрлі жастағы кішкентай балалары бар, бір бала балабақшада, екіншісі мектепте оқитын балалары бар қызметкерлерге икемді жұмыс кестесі қарастырылған. Осылайша жұмысқа екі сағатқа немесе бір жарым сағатқа кеш келуіне рұқсат. Сондай-ақ түскі уақытты пайдаланып ертең шығып кетуіне болады. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр”, – дейді министр.

Бұған дейін депутаттардың мәлімдемесінен соң Қазақстанда уақыт белдеуі мәселесі қайта қаралатыны туралы жазған едік.

Сурет: ашық дереккөз 
10 қыркүйек 2024 ж. 81 0