АЭС – ертеңгі күнге жауапты қадам

Бүгін Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» АҚ ғимаратының акт залында «АЭС – ертеңгі күнге жауапты қадам» атты кездесу өтті. Оған Жақсықылыш кентінің әкімі П. Берсүгіров, «Аралтұз» АҚ зауыт директорының жалпы мәселелері жөніндегі орынбасары Ғ. Сисекешов және тұзшылар қауымы қатысты.
Басқосуда жиналғандар АЭС-тің ел үшін маңызы туралы өзара пікір алмасты. Атом энергетикасы импорттық энергия ресурстарына тәуелділікті азайтып, елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтады. АЭС энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың ұзақ мерзімді болашағын қамтамасыз етеді. Тіпті сутегі және басқа да жоғары технологиялық өнімдерді өндіруге пайдалануға болады. Оған қоса ядролық физика мен технология саласындағы зерттеулер мен инновациялардың серпілісіне жол ашады.
Қорыта айтқанда, АЭС құрылысының ел дамуына жаңаша серпін берер тұстары көп. АЭС технологиялардың қауіпсіздігі мен артықшылығын жан-жақты талқылаған сала қызметкерлерінің пікірлері осыған саяды.
