Пойызда немесе вокзалда затыңызды ұмытсаңыз не істеу керек – ҚТЖ нұсқау берді

Көпшілік кейде сапарға шыққанда заттарын жолай ұмытып кетіп, кейін таба алмай қалады.
Осы тұста мамандар жолға шыққаннан кейін вагонда затыңызды ұмытып кеткеніңізді байқасаңыз, келесі нұсқауларды орындауды ескертеді:
Жолаушы затын ұмытып кеткенін түсінсе, пойыз әлі станцияда тұрса және жөнелтілгенге дейін 10-нан 40 минутқа дейін жеткілікті уақыт болса, затын пойыз бригадасының қызметкерлерінен ала алады;
Ал егер пойыз кетіп қалған болса, жолаушы @Jolaushylar_tasymaly Instagram-дағы ресми аккаунтына немесе WhatsApp-қа +7 776 714 5686 нөмір бойынша жазып, жылдам жауап ала алады;
Жолаушы сондай-ақ вокзалдағы кезекшіге жүгіне алады. Ол вагон нөмірін, ұмытылған заттардың орны мен сипаттамасын көрсете отырып, вокзал бастығының атына өтініш бере алады. Өтініште заттарды жіберу туралы өтінішті қосу керек;
Егер жолсерік ұмытылған затты тапса, оны пойыз бастығына береді және жинақтау пунктіне жібереді. Заттар вокзалда сақталып, жеке куәлікті тексеру арқылы иесіне қайтарылады;
Затын алған кезде жолаушы барлық (сақтау, буып-түю, тасымалдау) шығындарды төлейді;
Жолаушылар 1433 нөміріне тегін хабарласу арқылы анықтамалық ақпаратты ала алады.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz