Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін бірнеше өңірде жаңбыр жауып, үсік жүреді

Бүгін бірнеше өңірде жаңбыр жауып, үсік жүреді

Синоптиктер ел өңірлері бойынша 20 қыркүйекке арналған ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің көп бөлігінде фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.

Республика бойынша жел күшейеді. Батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 1-2 градус үсік жүреді.

Еліміздің барлық дерлік өңірінде әлі де төтенше өрт қаупі сақталып тұр.

Сурет: ашық дереккөз 
20 қыркүйек 2024 ж. 23 0