4 қазаннан бастап қазақстандықтар Алматыдан Лондонға тікелей рейспен ұша алады
Air Astana әуе компаниясы 4 қазаннан бастап Алматы – Лондон бағытындағы тікелей рейстерді қайта іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін бұл бағыттағы рейстер Ақтауда техникалық мақсатта аялдау арқылы орындалып келген.
Air Astana Airbus-пен серіктесіп, Airbus A321LR ұшағына қосымша отын бактарын орната отырып, өзінің алыс магистральді рейстерінің тиімділігін арттырады. Бұл техникалық аялдауларсыз алыс қашықтыққа қонбай ұшуға мүмкіндік береді, – деп жазылған әуе компаниясының хабарламасында.
Жаңғырту жұмыстары Алматыдан Лондонға ұшу ұзақтығын 1,5 сағатқа азайып, сапар енді 9 сағат 35 минутты құрайды.
Бұл операциялық тиімділікті арттыру бойынша Air Astana-ның ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес келеді. Ол барлық қажетті техникалық аспектілер мен қауіпсіздік аспектілерін қамтиды, жолаушыларға алыс магистральдық рейстер үшін неғұрлым қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді және әуекомпанияның операциялық көрсеткіштерін жақсартады, – деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.
Сурет: ашық дереккөзден