Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау туралы не білеміз?

Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау туралы не білеміз?

Әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау иммунитетті күшейту және ағзаны көптеген ауыр вирустық және бактериялық жұқпалы аурулардан қорғау үшін жүргізіледі. Вакцинациялау немесе профилактикалық препараттарды енгізу 20 түрлі инфекцияға  қарсы жүргізіледі. Екпелер балаларға да, ересектерге де жасалады,бұл ретте оларды ең жоғары тиімділік үшін бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес алу ұсынылады. Ұлттық егу күнтізбесі бойынша  екпе жүргізілетін инфекциялар қатарына  туберкулезге қарсы (БЦЖ);гепатитке қарсы;полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС);b типті гемофильді инфекция;пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және паротит (шошқалар) және басқа да инфекциялар жатады.Вакцинация жүргізудің арқасында жоғарыда аталған инфекциялардың ауру деңгейі азайып, өлім көрсеткіші төмендеді, ал тиімді вакцинаның арқасында қара шешек пен полиомиелит аурулары жойылды. Вакцинациялау құрөзектен, сіреспеден, көкжөтелден және қызылшадан жыл сайын 2-3 миллион өлімнің алдын алады.
Қазақстан Республикасында балаларды вакцинациялау Қазақстан Республикасының профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес, дәрігердің алдын ала тексеріп-қарауынан кейін, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда және заңды өкілдерінің бірінің ерікті келісімі бойынша жүргізіледі. Екпелер тек жеке өзінің денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам саулығы үшін іске асырылады (ауруға шалдыққан тұлға инфекция көзі болып, айналасындағылар үшін қауіпті болып табылмақ. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін тұрғындарды иммунизациялауға тиісті 95% тұрғындарына екпе жасату қажет. Тұрғындарды иммунизациялауға тартудың толық қамтылмауы инфекциялық аурулар ошағының өршуіне соқтыру мүмкін, (мысалы, 1995 жылы республикада күл (дифтерия) дертінің өршу дерегі тіркелген: 1105 адам ауруға шалдығып, соның ішінен 66 көз жұмған).
Қазақстанда тұрғындарды иммунизациялау үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің емшарасынан өткен вакциналар қолданылады. Тіркелетін вакцина үшін өндіруші-елінде мемлекеттік тіркеуінің болуы, сондай-ақ өндіруші-елінде және басқа елдерінде клиникалық қолдануы бойынша деректерінің болуы талап етіледі. Балаларды екпемен қамтамасыз ету мақсатында, вакцинаның өндірілуі ДҰҰ сертификатталған, сапасына кепіл берілген вакциналар Қазақстанда сатып алынады. Франция, Англия, Жапония, Ресей, Бельгияның озық технологиямен жасалған вакциналары бар, бұл вакциналар дүние жүзінің 120 мемлекетінде қолданылады.
      Вакциналарды ойлап шығару – медицинаның ең үлкен жетістігі. Өзіңізді және балаңызды денсаулыққа қайтымсыз зиян келтіретін, кейде өліммен аяқталатын қорқынышты аурулардан қорғаудың ең тиімді және кейде жалғыз жолы болып табылады.

А.Балшамбаева,
Арал аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау
басқармасының басшысының м.а    
19 қараша 2024 ж. 88 0