Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын-алудың ең тиімді жолы

Бірінші болып – перзентханада, өмірінің 1 - 4 күндері – туберкулезден (БЦЖ) және В гепатитінен егулер жасайды.
2 айда балалар гепатитке, полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС) және В типті гемофильді инфекцияға қарсы кешенді егуді, сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны алады.
3 айда көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС), полиомиелит және В типті гемофильді инфекциядан қайталап егулер жасайды.
Соңғы егулер бір жасқа дейін-4 айда – гепатиттен, полиомиелиттен, В типті гемофильді инфекциядан және көкжөтелден, дифтериядан және сіреспеден вакцинациялаудың 3 кезеңі, сондай-ақ пневмококк инфекциясынан 2-ші егу.
12-15 ай жасында қызылшаға, қызамыққа және паротитке (шошқаға) егілу керек, полиомиелитке және пневмококкты инфекцияға қарсы вакцинациялауды қайталау керек;
1,5 жаста-АКДС, полиомиелит және В типті гемофильді инфекция ревакцинациясы:
6 жаста (1 сыныпта) тағы да БЦЖ жасалады, қызылшадан, қызамықтан және паротиттен және АКДС егіледі;
16 жаста - сіреспе мен дифтериядан (АДС-м) егу, оны одан әрі әр 10 жыл сайын қайталауға болады.
2021 жылы облыс тұрғындарын профилактикалық егумен қамтуды талдау кезінде 94,8% құрады. ДДҰ ұсынған жағдайда жыл сайын кемінде 95% облыста 11 мыңнан астам бала егіледі.
Вакцинацияның арқасында соңғы жылдары аймақта дифтерия, көкжөтел, қызамық, полиомиелит, «В» типті гемофильді инфекция, сіреспе сияқты аурулар тіркелмеді, эпидемиялық паратит және қызылша аурулары азайды.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық Сэбб басшысы
Фото: www.gov.kz