Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан тұрғындарының вакцинамен басқарылатын ауруларға қарсы иммундау көрсеткіштері

Аудан тұрғындарының вакцинамен басқарылатын ауруларға қарсы иммундау көрсеткіштері

Аудан тұрғындары арасында профилактикалық егу шаралары ай сайынғы егу жоспарына сәйкес жүргізіліп келеді. ҚР ДСМ-нің №135 «Профилактикалық егу шараларының жүргізілу барысын талдау жүйесін жетілдіру туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес мақсатты топтағы балалар ай сайын 8,0-8,3 пайыз көлемінде егу шараларымен қамтылып, яғни 3 айда 24,0- 24,9 пайыз қамтылуға тиіс.
2023 жылы 3 айда аудандағы 1 жасқа дейінгі мақсатты топтағы 1800 баланың құрөзекке, сіреспеге, көкжөтелге, «В» вирусты гепатитке, полиомиелитке қарсы алғашқы егумен (АҚДС+ИПВ+ВГВ) қамтылғаны- 398 бала, яғни 22,1 пайыз, яғни оптималдық деңгейден төмен, бұған ақпан-наурыз айларында гексавакцинаның облыс көлемінде болмауы себепті егу шаралары толық жасалмады.
Пневмококк инфекциясына қарсы алғашқы егу ( пневмо-2 ) шарасымен 1 жасқа дейінгі 1800 баланың 416 баласы егілді, яғни 23,1 пайыз қамтылды, егілуге тиіс балалардың уақытша медициналық кедергіге алынуы себепті оптималдық деңгейден сәл төмен орындалды.
Ауданда 1 жастағы мақсатты топтағы 1813 баланың құрөзекке, сіреспеге, көкжөтелге қарсы қайталап (АКДС-4) егілгені – 390 бала, яғни 21,5 пайыз қамтылды, яғни оптималдық деңгейден төмен. АҚДС-3 егу шарасын кеш алып, 1 жылдық ара қашықтықты сақтауға байланысты егу шараларымен толық қамтуға мүмкіншілік болмады.
Ауданда 1 жастағы мақсатты топтағы 1813 баланың қызылша, қызамық, шошқа мойынға қарсы алғашқы егумен 472 бала қамтылды, яғни 26 пайыз, оптималдық деңгейден жоғары.
Бір жастағы мақсатты топтағы 1813 баланың ешқайсысы полиомиелитке қарсы қайталап егілген жоқ, себебі жыл басынан бері республика көлемінде вакцина болмай егу шаралары жасалмады.
Бір жастағы мақсатты топтағы 1813 баланың 456 баласы пневмококк инфекциясына қарсы қайталап егілді, яғни 25,1 пайыз, оптималдық деңгейден жоғары.
Республика көлемінде қызылша ауруынан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдың қалыптасуына байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі-Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.С.Есмағамбетованың төрағалығымен 20.02.2023 жылы өткен қызылша бойынша эпиедмиологиялық жағдай және одан әрі болжау мәселелері туралы кеңес хаттамасының тапсырмалары бойынша қызылша, қызамық, паротитке қарсы профилактикалық егулерді өткізіп алған адамдарға қызылшаға қарсы иммундау жүргізілу керек болатын, осы тапсырманы орындау мақсатында аудан бойынша қызылша, қызамық, паротитке қарсы егілуге тиіс адамдардың құжаттарына ревизия жасалып, нәтижесінде бұрын егілмеген, толық егілмеген, егілу туралы құжаттары жоқ 228 адам анықталып, жоспарланып, 122-і егумен қамтылды, емдеу мекемелері тарапынан бұл жұмыс әрі қарай жалғасуда.
16 жастағы 1361 жасөспірімнің құрөзекке, сіреспеге қарсы қайталап егілгені – 676 жасөспірім, яғни 49,6 пайыз, оптималдық деңгейден жоғары.
Ауданда 3 айға 1925 ересек адам құрөзекке қарсы қайталап егуге жоспарланып, 998 адам егілді, яғни 51,8 пайыз орындалды, жоспардың орындалмау себебі вакцина жетіспеушілігіне байланысты орын алып отыр.
«А» вирусты гепатитке қарсы аудан бойынша 1-турға 2 жастағы 601 бала жоспарланып, 442 бала қамтылды, яғни жоспарланған балалар егумен 73,5 пайызға қамтылды, ал 2-ші турға аудан бойынша 452 бала жоспарланып, 363 бала қамтылып, қамту көрсеткіші 80,3 пайыз құрады. Жоспардан тыс «А»вирусты гепатитке қарсы бұрын егілмеген, толық егілмеген, егілу туралы құжаттары жоқ 3-14 жасқа дейінгі (14 жасты қоса есептегенде) 1362 баланың 1361-іне егу шарасы жүргізілді.
Ауданда 2023 жылы 3 айда аудандық перзентханада 421 сәби дүниеге келіп, 404 сәби туберкулезге қарсы алғашқы егу шарасын алды, яғни 95,9 пайыз, 15 сәби медициналық шегіністерге байланысты егілмесе, 2 сәбидің ата-анасы егуден бас тартты. Ауданда 2023 жылы 3 айға 6979 бала Манту сынағына жоспарланып, 6663 балаға Манту сынағы қойылды, яғни 95,4 пайыз орындалды, 144 бала вираж тобына есепке алынып, арнайы Диаскинтестімен кешенді тексеруден соң 11 балаға химиопрофилактикалық ем тағайындалды.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
17 сәуір 2023 ж. 404 0