Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз!

Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз!

Республика көлемінде коронавирус инфекциясына 2020 жылғы 13 наурыздан 2022 жылы 6 қарашаға дейін 1393974 адам шалдыққан, 13692 науқас қайтыс болды. Ал вирусты пневмониямен  2020 жылғы 1 тамыздан 2022 жылы 6 қарашаға дейін 90096 адамда ауырып, 5360 науқас қайтыс болды. Қазір ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 1082 адам емделіп жатыр, соның ішінде коронавирустан -945 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан -137 (КВИ-) науқас. 116 пациент стационарда жатса, 966 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирус (КВИ+) және коронавирус пневмониясына(КВИ-) шалдыққандардың арасында: -6 науқастың жағдайы ауыр, -3 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.Коронавирустық инфекцияға қарсы күрестің ең тиімді және қауіпсіз жолы вакцинация екені айқын. Қазақстан Республикасында пандемия мәселесінің дұрыс шешімі ретінде вакцинация және ревакцинация - тегін, ерікті, егілетін адамның жазбаша ақпараттық келісімімен, баланың ата-анасының немесе заңды қамқоршысының рұқсатымен енгізіледі.Коронавирусты инфекцияға қарсы иммундау, ең алдымен, өз отбасымыздың, балаларымызбен ата-аналарымыздың, туған-туысқандарымыздың және айналамыздағылардың денсаулығы үшін өте маңызды. Вакцинация және ревакцинация денсаулыққа қарсы көрсетілімдер болмаған кезде жүргізіледі. Дені сау адамдарға вакцинация мен ревакцинацияны мүмкіндігінше тезірек алу қажет.Вакцинациядан кейін егілген адам егу пунктінде 30 минут   медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Бұдан әрі ағзада иммунитетті қалыптастыру үшін егілген адам дұрыс тамақтану, күндік және ұйқы режимін сақтау керек.Қызылорда облысы бойынша халық саны – 823 052, жалпы егілуге жоспарланған  550 175 адам. Коронавирус инфекциясына қарсы екпенің 1-ші турымен  егілгені – 517 197 адам, яғни 94,0%, 2-ші турымен  егілгені – 511 494 адам,яғни 93,0%, ревакцинациямен жалпы -390815адам қамтылып, яғни 68,2% орындалды. Ал Арал ауданы бойынша 1- ші турмен  – 39459 адам жоспарланып, 37832 адам егілді, яғни 95,8 %, 2- турмен – 39459 адам жоспарланып, 37434 адам қамтылып 94,8%  құрады. Ревакцинация бойынша -27323 адам жоспарланып, 22898 адам егілді, яғни 83,8 % , қайта ревакцинация бойынша – 18296 адам жоспарланып, 4484 адам егілді, 24,5% қамтылды.
Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды аурудан қорғау үшін екпе алуды ұсынамыз!

Арал аудандық СЭС басқармасы
08 қараша 2022 ж. 446 0