Қызылшаға қарсы екпенің пайдасы

Сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация медицина қызметкерлеріне жүргізіледі, өйткені бұл тұлғаларда қызылша ауруына ықтимал науқастармен жиі байланыста болу салдарынан ауру жұқтыру қаупі жоғары.
Қызылша өте жұқпалы жедел вирустық ауру екенін атап өткім келеді. Вирустың таралуы ауа тамшыларымен, сілекей тамшыларымен, түшкіру, жөтелу, сөйлесу арқылы жүреді. Инфекцияны бөлмедегі қызылшамен ауырған адам болған ауаны жұту кезінде жұқтыру мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаса немесе осы инфекцияға қарсы вакцинацияланбаған болса, онда науқаспен байланысқаннан кейін инфекция 100% жұғу мүмкін. Бүгінгі таңда вакцинация алмаған, қызылшамен ауырған балаларда аурудың клиникасы ауыр ағымда өтумен ерекшеленеді және өкпенің қабынуы сияқты асқынулар жиі байқалуда. Қызылшаның алдын алудың жалғыз тиімді шарасы-жоспарлы вакцинация.
Қазіргі таңда ең дұрыс шешім-қызылшаға қарсы екпе егу, сондай-ақ вакцинация мәртебесі болмаған немесе белгісіз болған жағдайда егу.
Қызылшаға күдік туындаған барлық жағдайларда уақтылы медициналық көмекке жүгіну, науқасты оқшаулау
және емдеу қажет! Өз денсаулығыңызға және балаларыңыздың денсаулығына мұқият болыңыз, сақ болыңыз!
А.Сатекеева,
Арал аудандық Сэбб басшысы