ЕРЕКШЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ НӨМІРЛЕРІН ҚАЛАЙ ТЕГІН АЛУҒА БОЛАДЫ

Нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес жоғары сұранысқа жатпайтын МТНБ автоматтандырылған ақпараттық жүйеде айқындалған кезектілік тәртібімен беріледі.
Дегенмен, нөмірлерді еркін таңдау мүмкіндігі әлі де бар. Автокөлікті тіркеу кезінде мамандандырылған ХҚКО сізге таңдауға болатын бос нөмірлердің тізімін ұсынады. Ең бастысы ХҚКО-ға ертерек бару, өйткені тізім тәулік сайын жаңартылып отырады.