Ең көп сатылған мемлекеттік нөмірлер белгілі болды

Айта кетейік, жоғары сұранысқа ие нөмерлерді сату республикада 10 жыл бұрын енгізілген болатын.
2024 жылдың басынан Қызылорда облысында 070, 077, 101 цифрлық белгісі бар мемлекеттік нөмірлер сұранысқа ие. Әрбір осындай нөмірдің мемлекеттік баж мөлшері 57 АЕК (2024 жылы - 210 444 теңге) құрайды.
Ең қымбат әріптері бірдей VIP нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Әрбір осындай нөмір үшін мемлекеттік баж 285 АЕК құрайды, яғни 1 052 220 теңге.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 2700-ден астам автомобиль тіркелген, 1197 жүргізуші куәлігі берілген.

“Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясының облыстық филиалының баспасөз қызметкері.