Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС бойынша емделуге квота

МӘМС бойынша емделуге квота

Ұлттық ғылыми медициналық орталығының мамандары көшпелі тегін кеңестерін өткізді. МӘМС аясында Қызылорда облысының тұрғындары елордалық медициналық орталыққа емделуге жіберілді.
Бақтыгүл Нағашыбаева жоғары қан қысымы және жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі диагноздармен дәрігерлерге жүгінген. Кардиохирургтың кеңесінен кейін 72 жастағы қария ана елордалық медициналық орталыққа емделуге жолдама алды.
«Кардиохирургтың қабылдауында маған Астанада тегін ота жасауға жолдама берілді. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Осындай мүмкіндік үшін дәрігерлерге алғысымды айтамын» - деді Бақтыгүл апай.
Облыстық диагностикалық орталықта пациенттерді кардиохирург, аритмолог, кардиолог, функционалдық диагностика дәрігерлері және нейрохирург қабылдады. МӘМС аясында 20-ға жуық қызылордалықтарға емханаға жатқызылуына жолдама берілді.
«Біздің медициналық орталықта түрлі оталар жүргізілуде. Мысалы, коронарлық артерияны шунттау отаның құны 3 млн. теңгені құрайды. МӘМС аясында біз оны тегін жасаймыз. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тұрғылықты жеріне қарамастан ірі республикалық медициналық орталықтарда жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ кардиохирургі Әлімжан Елжасов.
Екі күн ішінде елордалық дәрігерлер жүзге жуық қызылордалықтарға кеңес берді. Олар еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде, сондай-ақ Алматы қаласында болды.
21 қараша 2024 ж. 64 0