Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЛУДОМАНИЯ: ОЙЫН МЕН ОЙРАН

ЛУДОМАНИЯ: ОЙЫН МЕН ОЙРАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың отырысында айттым. Елдің болашағына кесірін тигізетін бес кеселге тоқталдым. Содан бері біршама жұмыс атқарылды. Вандализмге, лудоманияға тосқауыл қоятын заңдар қабылданды. Вейпке, яғни электронды темекіге тыйым салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесі қазірдің өзінде көрініп жатыр. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет» деп атап өткен еді.
Көптеген адамдар үшін ойын – сауықтың қарапайым түрі. Ол – шын мәнінде адам өмірін түбегейлі өзгерте алатын қауіпті құбылыс. Лудомания – патологиялық тәуелділік, тек жеке адамның ғана емес, бүкіл отбасының және қоғамның трагедиясы. Бұл мәселеге уақытылы назар аудармай, оның алдын алмасақ, салдары тым ауыр болуы ықтимал.
Құмар ойынға тәуелділік – психологиялық ауру. Адам оңай олжа деген түсінікке тартылып, ұтысқа сенімін жоғалтпай, барлық уақытын, қаржысы мен энергиясын соған жұмсайды. Бұл дерттің басты ерекшелігі – адамзаттың өз әрекетін бақылаудан шығаруында. Ойыннан ұтылған сайын ұтқан ақшасын қайтарып алу үшін іс әрекетін жалғастырады, бірақ жағдай тек ушыға береді.
Отбасының бұзылып құмар ойындар үшін жақындарымен ара-қатынасты құрту, ажырасу жиі кездеседі. Берешектен құтылу үшін заңсыз, қылмыстық әрекеттер жасауғада итермелейді. Денсаулықтың нашарлаап ұйқысыздық, күйзеліс, депрессия, тіпті суицидке дейін жеткізетін ауыр жағдайлар орын алғаны кездеседі. Бұл дерттің пайда болуына бірнеше факторлар әсер естеді. Ол өз-өзін төмен бағалау, өмірлік қиындықтардан қашу, стрессті басу ниеті.
Құмар ойындардың қолжетімділігі ойынға тәуелді болуды жеңілдетті. Жарнама ойындардың қызықты әрі жеңіл табыс көзі ретінде көрсетілуі. Жақын достар немесе таныстар арасында құмар ойындарға әуестік болған жағдайда, тәуелділік қаупі арта түсетіні сөзсіз.
Айта кету керек, Үкімет заңсыз ойынбизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады. Ол ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заңның негізгі ережелерімен толық үйлестірілген.
Өзін-өзі шектейтін тұлғаларға арналған заң құмар ойындарға қатысуды өзін-өзі шектеудің ең жоғары мерзімін 1 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтады. Заңмен сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жеке тұлғаларға құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге тыйым салу қосымша анықталады, олардың саны шамамен 3,5 миллион адам. Осылайша, қабылданған шаралар букмекерлік кеңселердің әлеуетті клиенттерінің санын азайтуға бағытталған.
Сонымен бірге, жоғарыда аталған тұлғаларды құмар ойындар мен бәс тігуге тартқаны және жібергені үшін заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі енгізілген.
Сонымен қатар, заң нормаларына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындардың кез келген қызметі – букмекерлік кеңселер, казинолар және онлайн казинолар шектелетін болады. Осылайша, жалпы саны 280 мыңға жуық адам болатын әскери қызметкерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға қатыса алмайды. Заңды бұзған жағдайда оларға қатысты жұмыстан босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылатын болады.
Ұлттық статистика бюросының көрсеткіші бойынша, былтыр құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызметтердің көлемі 572 миллион теңгені құраған. Мұның салдары адамды ақылынан адастырып, ауыр психологиялық дертке шалдықтыратын лудоманияның кеселінен жыл сайын әр үшінші отбасының шаңырағы шайқалады екен.
Қорыта келгенде лудомания – қоғамның ең күрделі мәселесі. Оның қауіптілігі тек жеке адамдардың өмірінде емес, бүкіл қоғамның экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатында жатыр. Бұл кеселдің таралуын тоқтату үшін мемлекет, қоғам және әрбір жеке адам бірлесіп жұмыс істеу қажет.
Асылхан ЖОЛДАСҰЛЫ
26 қараша 2024 ж. 453 0