Вандализм: Барды бағалап жүрміз бе?
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы әр жылды ерекшелеп, алдағы міндеттерді айқындап беріп отырады. Істелген жұмысқа негізделе отырып келесі қадамды нақтылайтын биылғы "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауы да бірқатар түйіткілді мәселенің түйінін тарқатуға себепші болып отыр. Соның ішінде қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру бағытындағы талдауларды тілге тиек етіп, тапсырма жүктеген ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді" деген болатын.
"Сөз арасында ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесуге міндетті. Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс" деген Президент бүгінде өзектілігін жоймай отырған жол-көлік оқиғалары, әскердегі тәртіп, есірткі саудасынан бөлек "Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың отырысында айттым. Елдің болашағына кесірін тигізетін бес кеселге тоқталдым. Содан бері біршама жұмыс атқарылды. Вандализмге, лудоманияға тосқауыл қоятын заңдар қабылданды. Вейпке, яғни электронды темекіге тыйым салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесі қазірдің өзінде көрініп жатыр. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет" деді.
Расында бардың бағасын білмейтін қоғамда күн кешіп жатқанымыз жасырын емес. Мәселен мына дерекке көз жүгіртейік. Ақпарат көздерін ақтарып отырып, мына бір сандарға көз сүрінді, көңіл күйінді. 2024 жылдың алғашқы он күнінің өзінде елімізде 1200-ден астам вандализм оқиғасы тіркелген екен. Тапталған теберік, қиранды қазыналар мен еңсесі езілген ескерткіштерден бөлек мемлекеттің мүлкіне, жеке мүліктерге де зардап келтіруге жақын жандардың көптігі осыдан-ақ байқалып тұр. Соған байланысты Қазақстанда вандализм үшін жаза күшейтілді. Мемлекеттік немесе жеке мүлікті бүлдіру мен қирату әрекеттері үшін айыппұл салумен қатар 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Яғни, айыппұл мөлшері 172 000 мен 552 000 теңге аралығында. Соған қарамастан, мұндай қылмыстар азаймай тұр.
«Вандал» деп ежелгі римдіктер 455 жылы Римді қиратып талқандап кеткен көшпелі тайпаларды атаған екен. Кейін «вандализм» термині мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру және тонау әрекеті болып сөздікке енді.
Бүгінгі күнде зираттардың қоршауын, онда қойылған белгілерді қирату немесе ұрлап кету, ескерткіштерге, басқа да түрлі нысандарға рұқсатсыз сурет салу, сөздер жазу, көшеге қойылған нысандарды, аялдамаларды, орындықтарды, балалар ойын алаңын бүлдіру сияқты оқиғалар жиі көрініс беретін құбылысқа айналды. Вандалдардың қолынан жол белгілері де жарамсыз күйге түскен оқиғалар бар екен. Өкініштісі мұны ересектер ғана емес, жасөспірімдер, балалар арасында да жасалатыны. Бұл мәдени құндылықты түсінбейтін, білмейтін және басқалардың еңбегін құрметтемейтін балалар арасынан шығып отыр. Осыған байланысты Заңға «балалар вандализмі» дейтін термин енгізілді. Бұл жағдай орын алғанда да айыппұл олардың ата-аналарына салынып, жауапкершілік жүктеледі.
Бейбіт күндегі бұзақылықтың себебі
Жаугершілік уақыттағы жайпау жағдайы түсінікті. Жат жерді жаулап алып, үстемдік орнатардағы қатыгездік тарих беттерінен жиі кездеседі. Ал "атың шықпаса жер өрте" дегенді тіке түсініп жүрген бүгінгі бейбіт заман жастарының бұзақылығына не себеп?
Арал көпсалалы колледжінің педагог-психологы Феруза Үсенованың сөзінше, вандализм әрекетіне психологиялық фактор түрткі болады. Яғни жастар әсіресе 11 жастан асқан жасөспірімдердің мұндай құйтұрқылықты істеуінің төрт деңгейі болады. Біріншісі, ессіз әрекет. Адам ішіндегі ашуын сыртқа шығару мақсатында ішімдік пен есірткі әсерінен бұзақылыққа барады. Екіншісі, саналы деңгейде ойын-сауық құрып, жарысу, бәсекелесу, өзгелерге еліктеу, өзін сендіру мотивімен жасайды. Үшіншісі, психологиялық тұлғалық саналы түрде өзін-өзі қорғауы, кек алуы, азаматтың мінез-құлық әдеті. Төртіншісі, ішкі наразылығы, өзіне көңіл аударуды көздейтін әлеуметтік психологиялық саналы деңгей.
– Елімізде «вандализм» ұғымына кіретін әрекеттерді көп жағдайда жастар қауымы жасап жатады. Вандализм көбінесе үрейден, қаттылықтан, қозудан, агрессиядан болады. Яғни қандай да бір бойдағы агрессия ошақтарын қандырушы әрекет ретінде есептеледі. Вандализмге алып келетін жолдар онтогенді яғни дұрыс емес тәрбие көзі, гипер немесе гипо байектеу баланы, жағымсыз орта болса, биогенді түрде ол шығу тегі (ішімдікке әуестік, психопатия, психикалық ауытқулары агрессивті түрде) арқылы генетикалық тұрғыда ұшырайды. Алғашқы әрекет немесе айқын агрессивті әрекеттің алдын алу психиканы тұрақтандыру және қорғанудың ең тиімді жолы, – дейді маман.
Бұл психолоиялық жағынан айтылса, жүгенсіздікке өзге де себеп көп екен төмендегі жандардың пікірінен анық аңғаруға болады. Мәселен Сенатор Дархан Қыдырәлі депутаттық сауалының бірінде вандализм әрекетінің өршуі шалғайдағы елді мекендерде мәдени және спорттық нысандардың, кітапхананың жоқтығын айтып, "Құбылған заманда құбыладан жаңылмас үшін құндылықтар қажет екені белгілі. Біз «вандализм көбейді, қатыгездік артты, аялдаманы қирататын, жедел жәрдем жүргізушісін ұратын жүгенсіздік қайдан шықты, мәдениетіміз неге төмендеді?» деген сұрақты жиі қоямыз. Мәдениет үйі жоқ жерде мәдениет қайдан болсын?! Бұл ретте елді мекендердегі, әсіресе шалғай ауылдардағы мәдениет үйлері мен клубтардың жай-күйі, техникалық базасы сын көтермейтіні жасырын емес. Олардың басым көпшілігі 90-жылдары жекешеленіп кетті" десе, қоғамдық орындарда тиімді мониторинг пен қадағалаудың жоқтығы мен әлеуметтік-экономикалық мәселелер де маңызды вандализмнің себепкері. Кедейлік, жұмыссыздық және әлеуметтік шиеленістің жоғары деңгейі вандализм әрекеттерін өршітуі мүмкін көрінеді мамандардың пікірінше.
Аралдағы ахуал
Ауданда вандализмге қатысты дерек тіркелмеген. Бұл жастар арасындағы жүгенсіздіктің алдын алу мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі. Мұнан бөлек ауданда халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында, «Киелі мекен» апталығы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан көлемінде қала, кент, ауылдық округтерде орналасқан ескерткіштер мен тарихи орындарда тазалық, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осы ретте Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Балықшылар музейі» бөлімшесі маңында, Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінің Ә.Нұрпейісов әдебиет үйі ауласында музей қызметкерлерінің қатысуымен және Арал қаласындағы Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған «Тағзым алаңы» ескерткішіне жастар мен еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ мәдениет саласының қызмкерлері З.Шүкіров ескерткіші маңында тазалық жасаса, спорт саласының қызметкерлерінің қатысуымен Жалаңтөс баһадүр ескерткіші маңында, кітапханашылар Арал қаласындағы Ақтан батыр, Жанқожа батыр ескерткіші маңында, аудандағы дербес бөлімдер, Ақирек және Қамыстыбас ауылдық округ әкімдіктері Арыстанбаб зираты тарихи-мәдени мұра обьектісі маңында тазалық жұмыстарын жүргізген. Одан бөлек қалада және Сексеуіл кентінде қызметкер мен еріктілердің қаысуымен тазалық жасалған.
Тәрбие де, тәртіп те қажет
Иә, "жақсылық қылсаң өзіңе, жамандық қылсаң өзіңе" дегендей барлық дүниенің бастауы тәрбиеден шығады. Расында біз елемейтін кейбір дүниелер кейін жастардың болашағына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан тәрбиеге мән бергеніміз дұрыс. Арал аудандық орталық мешітінің наиб имамы Нұржан Кеңесханов:
– Баланы бұзақылықтан сақтандыру үшін тәрбиеге көңіл бөлу қажет. Отансүйгіштікке, асыл дінімізге тәрбиелеу қажет. Ең бастысы аманшылдыққа үйрету керек. Қазірде аманатқа қиянат жасауға болмайды дейміз. Бірақ осы сөздің көкжиегін тарылтып алғандай көрінеміз. Аманат кез келген дүние бола алады. Ал Отан ең үлкен аманат. Отанды сүю, онда барды қадірлеу, зиянымызды тигізбеу арқылы ол аманатты сақтаймыз, – дейді.
Сондай-ақ тәртіп те тентекті тезге салудың құралына айналса, жүгенсіздік те жүгенделер еді. Бұл жайында сенаторлар вандализмге қарсы заңнаманы қатаңдатуды ұсынып отыр. Мәселен Сенат депутаты Геннадий Шиповских "Кейінгі уақытта вандализм мәселесі ушығып тұр. Күн сайын БАҚ беттерінде біреулердің халықтың мүлкін, коммуналдық меншігін бүлдіргені туралы жаңалықтар желдей есіп жүр. Вандализм дерті эпидемия сынды. Мемлекет басшысының жақында айтқан сөзінде халықтың құқықтық сауатын арттыру және қоғамдық тәртіпсіздіктер мен мәдениетсіздікті болдырмау жөніндегі міндеттер ерекше өзектілікке ие болып отыр. Қазіргі жағдай мұндай заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтуді қайта қарау керектігін дәлелдейді. Сенаторлар заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруға дайын. Біз барлық мүдделі тарапты осы бағыттағы бірлескен қызметке шақырамыз. Сонымен қатар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін заңнамалық шаралардан басқа, бірінші кезекте жастар арасында тиісті профилактикалық жұмыс жүргізу қажет. Бұл жұмысты Үкімет, жергілікті атқарушы орындар және құқық қорғау органдары бақылауға алуы керек. Өз тарапынан сенаторлар да бұған белсенді қатысуға дайын" десе, «Q-88» Қазақстан урбанистер қауымдастығының атқарушы директоры Мадияр Даурбаев:
– Жапония білім мен тәрбиеге деген көзқарасымен, әсіресе қоғамдық орындарды құрметтеу контекстінде танымал. Жапон мектептеріндегі білімге тазалық сабақтары кіреді. Мұнда оқушылар сыныптары мен мектеп аумағын өздері жинайды. Бұл тек тазалықты сақтауға емес, сіздің жұмыс кеңістігіңізге, қоғамдық мүлікке деген құрметті қалыптастырады. Сингапур елі де тәртіп пен тазалықты сақтауда қатаң көзқарасымен ерекшеленеді. Елде қоқыс тастау, бұзақылық және басқа да қоғамға қарсы әрекеттер үшін қатаң заңдар мен айыппұлдар бар. Сингапур тәжірибесі нақты ережелердің есебінен вандализмнің алдын алуға болатынын көрсетеді. Ал Ұлыбритания вандализммен күресу үшін әртүрлі стратегияларды пайдаланады. Соның ішінде бейнебақылау камераларын орнату және «Neighborhood Watch» сияқты бағдарламаларды жасау. Мұндай бастамалар тұрғындар мен полиция арасындағы ашықтық пен ынтымақтастықты арттыру арқылы қылмыс пен вандализмді азайтуға көмектеседі. Қазақстан үшін де қоғамдық орындарда бақылауды жақсартуға ұтымды бастама, – дейді.
Түйін:
Барды бағалау арқылы келешекке бағдар түзейміз. Ал бағытымыз айқын болсын десек, болашаққа салған жолымыздың түзулігі ойдан шығармаған абзал. Ертеде бір данышпан балаларды жақсы көріп, оларға өте әдемі әрі нәзік ойыншықтар сыйлайды екен. Ал ол ойыншық ойнаған кезде сынып қалатын көрінеді. Келесіде одан да нәзік, одан да әдемі дүние сыйлайды. Ол да сынып қалады. Ата-аналары данышпанға барып "неге тым нәзік ойыншықтар сыйлайсың, олар тез сынады" депті. Сонда данышпан: "Әлі талай жылдар өтеді. Мүмкін мен жүрегімді де сыйлармын. Ал олар оны бүлдірмеуге тырысар" деген көрінеді. Міне, осы аңыздан сабақ алсақ, сәулетіміз сәндене түсер еді.

Оңталап ЖОЛДАСОВ