Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мекемесінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы түсіндірілді

Қорықтың бас директоры Х.Қаниев мемлекет басшысының Жолдауындағы “...ЖЕТІНШІ мәселе. Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін...” бөлігінің орман шаруашылығы саласына аса маңыздылығын алға қойды.

"Толқын" ақпарат