«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы

Арал ауданының сақшыларымен «Amanat» партиясы, жастар орталығы, әлеуметтік белсенділер және аудандық БАҚ өкілдігімен қызметкерлерімен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп ғана қоймай, түрлі деңгейдегі қылмыстарды болдырмауға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары іс-шара барысында вандализм деректерінің, мүліктік залал, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алуға қызмет атқаруда.