Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Ауданда «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

2022 жылдың шілде айының 21-23 күндері аралығында «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты, жазғы демалыс уақытында аудан көлемінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасында және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды, оның ішінде жыныстық қолсұғылмаушылық, топтық төбелес, суық қаруды тасымалдау, бопсалау сынды қылмыстардың алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ қылмысқа бейім оқушылар мен студенттер арасында құқыққа қайшы іс-әрекеттерге баруына жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс болуы деректерін анықтау, қылмыс жасағандары үшін тізімдік және профилактикалық есепке алу, сонымен қатар баласының тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау жұмыстарын барынша жандандыру болып табылады.

Осы негізде Арал ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлері, білім бөлімі, Жастар ресурстық орталығы және Аманат партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанаты қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізілетін болады.

Арал ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Ювеналды полиция тобы


21 шілде 2022 ж. 593 0