Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналар жазаланады

Қызылордада балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналар жазаланады

Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау бағытында кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасалуы керек.

Заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жасөспірімдер жүруге болмайды. Осы орайда аталған мәселелерді анықтау мақсатында 23-27 ақпан аралығында облыс көлемінде «Бала және Отбасы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын жыныстық тиіспеушілік, тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаларға қатыгездікпен қарау қылмыстарының алдын алу. Кәмелетке толмағандарға теріс тәрбие беретін ата-аналар мен ересектер анықталып, қолайсыз отбасылар ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылады. Кәмелетке толмаған балаларына қатыгездік көрсететін олардың тәрбиесімен айналыспайтын отбасылар анықталады.
Білім беру ұйымдарында оқушылар мен студенттер арасында қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

kyzylorda-news.kz
22 ақпан 2022 ж. 772 0