АУДАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
 Қызылорда облысы бойынша кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың алдын алу жөнінде 2020 жылға арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
Қызылорда облысы бойынша кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың алдын алу жөнінде 2020 жылға арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, Арал ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің, ювеналды полиция тобының қызметкерлері және білім, ішкі саясат бөлімі, үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар аудан орталығында адамдар көп шоғырланатын орындарда «Қауіпсіз балалық шақ» профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Аталмыш шараның мақсаты – кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында ата-аналардың бала қауіпсіздігіне назар аударып, күнделікті сақтық ережелерін үйретіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Тәртіп сақшылары бұл мақсатта “Бала қауіпсіздігі – басты назарда”, “Ата аналар мен балаларға арналған құқықтық жадынама”, “Менің қауіпсіздігім”, “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі” атты парақшалар таратып, қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.






 
		 
		



