Қызылордада 15 жасөспірім полицияның стационарлық пункттеріне жеткізілді
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері 26 қарашадан бастап «Ата-ана –Жасөспірім-Көше» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстарды, оның ішінде топтық төбелес, суық қаруды тасымалдау, бопсалау сынды қылмыстардың алдын-алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруін тоқату, ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс болуы деректерін анықтау, бала тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау жұмыстарын жандандыру болып табылады.
Іс-шараның 1 күнінде «Самара» стационарлық полиция пункттеріне 15 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, ұрлық жасағаны үшін– 2, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін – 13.
ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2 бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) бойынша барлығы 10 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1 бөлігі (Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау)бойынша ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 2 жасөспірім анықталып, әкімшілік шара көрілді. Профилактикалық есепке 3 кәмелетке толмаған алынды.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы ересектерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 140-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін, қылмыстық жауапкершілік көзделгенін тағы да еске салады.
kyzylorda-news.kz