Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді шетелден 1 ғана көлік әкелуге рұқсат: Роман Скляр жаңа ережені түсіндірді

Енді шетелден 1 ғана көлік әкелуге рұқсат: Роман Скляр жаңа ережені түсіндірді

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлік құралдарын әкелу ережелері өзгереді. Қазақстан азаматтары жылына бір рет қана жаңа немесе пайдаланылған көлікті жеке пайдалану үшін тауар ретінде кедендік рәсімдеуден өткізе алады. Дегенмен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бұл жаңашылдық ештеңені өзгертпейтінін айтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік кірістер комитетінен тараған мәлімет бойынша, 1 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар шетелден ел аумағына кіргізетін көліктердің техникалық регламентке сәйкестігі туралы құжат рәсімдеуі тиіс. Ал ондай құжатты тек заңды тұлғалар ғана рәсімдей алады. Осылайша қарапайым азаматтардың өз бетімен шетелден көлік айдап әкелуіне тосқауыл қойылуы мүмкін.
Егер бір жылдың ішінде екінші немесе үшінші автокөлікті әкелуге әрекет жасалса, рәсімдеуге мүмкіндік болмайды, өйткені жүйеде мұндай рұқсат жоқ. Себебі Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес, бірнеше көлік әкелу кәсіпкерлік қызмет болып есептеледі. Тиісінше, оны жеке тұлға рәсімдей алмайды. Егер азамат автокөлікті бір жыл өтпей жатып сататын болса, онда сатудан түскен ақшадан 10% салық төлеуге тура келеді, – деп түсіндірді сарапшылар.
Мәжіліс кулуарында журналистер вице-премьерден неге бір автокөліктен артық әкелуге тыйым салынғанын сұрады.
Ештеңе өзгерген жоқ. Егер жеке тұлға 10, 20 немесе 30 автокөлік сатып алса, бұл кәсіпкерлік қызмет болып саналады. Олар ЖШС тіркеп, бұл көліктерді әкеліп, тиісті сертификат алуы қажет. Ал егер бұл өзіне көлік сатып алатын жеке тұлға болса, бұл кәсіпкерлік қызмет емес, олар жеңілдетілген басқа сертификатты алуы керек. Яғни, екі түрлі сертификат бар. Мұны салық және кеден органдары бақылайды, – деп жауап берді Роман Скляр.
27 қараша 2024 ж. 260 0