Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік ресейлік көлікпен жүрген жүргізушілер не істеу керек екенін айтты

Министрлік ресейлік көлікпен жүрген жүргізушілер не істеу керек екенін айтты

Ресей көлігін тізгіндегендер Қазақстанға кірген сәттен бастап бір жыл бойы ел аумағында жүре алады, кейін ең кемі 30 күнге елден шығып, сенімхат мерзімін ұзартуы тиісІшкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ресейлік нөмірмен жүрген жүргізушілер істеу керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.
"Қазақстанда сенімхатпен жүрген Ресей көліктеріне тоқталсақ. Заң бойынша бұл автокөліктер – халықаралық қозғалыс режимінде. Мұндай көліктер ел аумағына кірген сәттен бастап Қазақстанда бір жыл бойы жүре алады. Осыдан кейін сенімхат мерзімін созу үшін кем дегенде 30 күнге елден шығуы керек. Немесе Ресей не Қазақстан аумағында көлікті өз атына қайта рәсімдей алады", - деді Қожаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, Қазақстанда жаңа жылдан бастап армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерге қатысты жаңа ереже күшіне енді. Оған сәйкес, көлік иелері тіркеуден өтуі тиіс.
Шетелден әкелінген көлікті Қазақстанда 10 жұмыс күні ішінде тіркеу керек.


23 қаңтар 2020 ж. 814 0