Жетісулық ата-аналар ұл-қыздарын тегін үйірмеге тіркеп үлгермей қалғанына наразы
Жетісу облысында ата-аналар 2 минутта “Даму бала” порталы ашқан тегін үйірмеге тіркеліп үлгермей қалған. Ата-аналар бұл күнді бір жыл күткенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ата-аналардың айтуынша, “Даму бала” порталы тегін үйірмеге тіркеуді сағат 09:00-де ашып, 2 минуттан соң “бала саны толып кетті” деп жауып тастаған. Тіркеу күнін ұзақ күткен ата-аналар жүйеде ақау болды деп күдіктенеді.
“Менің 4 балам бар. Екеуін суретке біреуін ораторлық курсқа тегін бергім келді. Бірақ 9:00-де база ашылды 02-де жабылды деді. Біз “неге қалай қашан” дегенде “болды, 2000 орын толып кетті” деген жауап айтылды. Мен өзім тіркей алатын ата-аналардың қатарынанмын. Физикалық жағынан қарағанда 2 минутта 2 мың орынды тіркеу мүмкін емес”, – дейді баласын тегін үйірмеге тіркей алмаған Арай Мүсәпірова.
Тегін үйірмеге тіркеле алмағандардың қарасы көп. Олар "бармақ басты, көз қысты" болмағанына көз жеткізу үшін құзырлы органнан жүйені тексеруді талап етіп отыр.
“Менің компьютерім ойынға арналған, жылдамдығы жоғары. Соның өзінде сайт жақсы жұмыс істеді. Бірақ сонда да 2 минутта 2000 бала жазылып кетті. Бұл мүмкін емес жағдай. Физикалық тұрғыда да адам үлгермейді ғой. Сайттың қауіпсіздігі дұрыс жұмыс істемеген. Боттар, хакерлер кіріп жазған”, – дейді кәсіпкер Нұрхат Сәбитов.
Жауаптылар ата-аналар тарапынан болған бұл сынды қабылдаудан да, мойындаудан да бас тартты. Олардың айтуынша, тіркеу уақыты мен өтінішті қабылдау заңға сай жүзеге асқан.
“Бүгін 9-да ашылған портал арқылы 9:02-де 2 мың бала тіркеліп, толып кетті. Өзім бұны баланың көптігінен деп ойлаймын. Ата-аналар айтып жатқандай заңбұзушылық жоқ. Өйткені тек ата-аналар өздері тіркеледі, өздері ЭЦҚ-мен портал арқылы автоматты түрде тіркеледі”, – дейді Жетісу облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Асылан Сарғожин.
Биыл Жетісу облысында балалардың тегін үйірмесіне бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл мәселенің қалай шешілетіні әзірге белгісіз. Ата-аналардың құзырлы органдарға шағымданудан басқа шарасы жоқ.