Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептен көпбалалыларға бөлінетін ақша неге қысқарады? Білім басқармасындағылар түсіндірді

Мектептен көпбалалыларға бөлінетін ақша неге қысқарады? Білім басқармасындағылар түсіндірді

Мектеп қорынан көмекке мұқтаж әр балаға бөлінетін қаражаттың қалайша есептелетінін Нұр-Сұлтандағы білім басқармасындағылар түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo бағдарламасына сілтеме жасап.

Сөздерінше былтыр 1700 баланың әрқайсысына жазғы демалыс пен тегін тамақты былай қойғанда тек киім-кешек пен құрал-жабдықтарын алып беруге 90 мыңдай жұмсалған. Ал биыл өтініш берушілер саны 5 есеге артқан соң, сәйкесінше бөлінетін қаражат саны да қысқаруы мүмкін дейді. 
Құралай Алпысбайқызы биыл мектепке баратын 5 баласына киім-кешекке өтініш беріп тұр. Екі баласы жазғы лагерьде демалып жатыр. Мұның барлығына мектеп өз қорынан ақша жұмсап отыр дейді. Бірақ киім-кешекті ата-ананың өзі таңдауын қалайды. 
«Бір жағынан ол да дұрыс. Қазір балаға кигізіп көру қажет. Мысалы, бізде бір ай бұрын киім ала амаймыз. Өйткені бала өсіп кетуі мүмкін. Сол себепті барып кигізіп, сол чекті шынымен-ақ көрсетсін. Меніңше, көпбалалы ата-аналар қымбат нәрсе ала қоймайды», - дейді көпбалалы ана Құралай Алпысбайқызы. 
Былтыр қала бойынша киімге қордан 155 млн теңге ақша жұмсалыпты. Оған қоса жазғы демалу мен тамақтану тегін жолақысы бар. Қордың ақшасы қор болып кетпеуі үшін білім басқармасындағылар 15 тамыз күні өтініштердің барлығын жинап, теңдей етіп бөліп береміз деп отыр. Бірақ биыл қанша балаға, қанша көлемде ақша жұмсалатыны әлі белгісіз. 
«Осындай өтініш тапсырған бала саны аз болды. Сол бала санына бөлген кезде бір басқа 47 АЕК-тен шыға келді. Жаңа оқу жылынан бастап ол азаюы мүмкін. Себебі, бала саны бүгінгі таңда 4 есе көбейіп тұр. Сондай-ақ, алда 5 есе көбеюі мүмкін. Яғни соған байланысты біз қордың ақшасын аламыз да тең қылып бөліп береміз», - Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев. 
Бір үйде бес бала болса, қорда осы бес балаға да көмек бар. Ал кімге қанша тиесілі екенін мектеп комиссиясы анықтайтын болады.

https://stan.kz/mektep-korinan-kopbalalilarga-bolinetin-aksha-kiskaradi-sebebin-bilim-baskarmasindagilar-tusindirdi-320657/  

14 тамыз 2019 ж. 1 039 0