Қызылорда тұрғыны өзгенің көлігін сатып жіберген
Қызылорда тұрғыны алаяқтық әрекетке ұшырағанын айтып, полицияға шағымданды. Қыркүйекте танысы сеніміне кіріп, Chevrolet көлігін тиімді бағаға сатып беремін деп уәде еткен.
"Сенімге кірген күдікті көлікті иемденіп, артынша сатып жіберген. Көп ұзамай алаяқтың құрбаны болғанын түсінген азамат дереу Қызылорда қалалық полиция басқармасына жүгінді", - дейді полицейлер.
Жәбірленушіге келген шығын көлемі - 6 миллион 300 мың теңге. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 28 жастағы күдіктіні анықтап, қамауға алды.
Қазір күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бұл оқиғаға байланысты соталды тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.
Сурет: qaz.ulysmedia.kz