"Табиғатты аялайық!" тақырыбында сынып сағаттары өтті

Тәрбие сағаттарында оқушыларға экология мәселелері туралы түсінік беріліп, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы айтылды.
Шара барысында әр мектепте арнайы дәрістер, презентациялар және пікірталастар ұйымдастырылды. Мұғалімдер оқушыларды экологиялық мәселелермен таныстырып, оларды табиғатты қорғауға бағытталған түрлі іс-әрекеттерге шақырды.
Оқушыларға ағаш отырғызу, қалдықтарды дұрыс өңдеу, су мен энергияны үнемдеу сынды маңызды дағдыларды түсіндірілді.
Аталған іс-шаралар балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін оятып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.