Тоқаев: табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор мәселе
Табиғатты қорғай отырып, оны жақсарту мақсатында 5 маусым әлемде қоршаған ортаны қорғау күні ретінде белгіленгенҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау мен биологиялық алуан түрлілікті сақтауды мемлекеттік маңызы зор мәселе деп атады.Айта кетейік, 1972 жылы 15 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясының 27-сессияда жарияланған қарары бойынша жыл сайын 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтеді."Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс", – деп жазды президент Твиттерде.
БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің осындай қарары арқылы мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға деген ұмтылысын растайтын іс-шаралар өткізуге шақырады.









