Таза өлке – таза аудан

Іс-шара барысында ауданның белсенді жастары мен еріктілер арнайы брошюралар таратып, тұрғындарды табиғатты қорғау мен экологиялық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша ақпараттандырды. Брошюраларда қалдықтарды дұрыс сұрыптау, пластик заттарды пайдалануды азайту, ауаны ластамау, ағаш отырғызу сияқты экологиялық дағдылар туралы кеңестер жазылған. Сонымен қатар, акция барысында қала тұрғындарына табиғатқа деген қамқорлықтың маңыздылығы, әркімнің өз айналасын таза ұстау міндеті түсіндірілді.



"Толқын" ақпарат