Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
Қызылордада мал ұрлығын кәсіпке айналдырған үш адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олардың есебінде мал ұрлығының жеті эпизоды бар. Полицейлер оларды кезекті қылмыс жасап, "ізін суытпақ" болған кезде қолға түсірді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі ірі қара мал күдіктілерден заттай дәлелдеме ретінде алынып, қайтарылды.
Тергеу барысында күдіктілердің еркін жайылымда қараусыз жүрген малдарды жасырын ұрлап, ГАЗель автокөлігімен тасымалдағаны анықталды.
Мал ұрылары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сурет: astanatv.kz