Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық полицейлер 8 сиырды ұрлап кеткен күдіктіні ұстады

Қызылордалық полицейлер 8 сиырды ұрлап кеткен күдіктіні ұстады

Қызылордалық полицейлер жайылымнан 8 сиыр ұрлап кеткен күдіктіні ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел-іздестіру кезінде тәртіп сақшылары 25 жастағы Сырдария ауданының тұрғынын анықтап, айғақ зат ретінде мал терісі мен сирақтары алынды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер 5 жылдан бері бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын да қолға түсірді.

Мейрамханаларға ұрлыққа түсіп және алаяқтықпен айналысқан күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер облыс орталығындағы түнгі клубта болған атыстың да мән-жайын анықтап жатыр.

Күдікті азамат атыс қаруын пайдаланып, дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын сотты болған 23 жастағы азамат ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ҚПБ Криминалды полиция бөлімінің бастығы Айдарбек Құбанов.
15 ақпан 2023 ж. 1 137 0