Қызылордада бірнеше пәтер тонаған күдікті ұсталды

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жас жігітті қолға түсіріп, уақытша ұстау абақтысына қамады.
Күдікті өз кінәсын толық мойындады. Әккі ұры арам ісін жүзеге асыру үшін барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйлерді бақылап отырған. Әділжан Жүсіпов, қалалық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы:
- Аталған күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, яғни, ауыр санаттағы ұрлық қылмысын бірінші рет жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
24.kz/kz