12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" ел аймақтарында 12 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, кең антициклонның әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан Республикасының солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдер өткеннен кейін ғана аздаған қар жауады. Республика бойынша тұман күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
Сурет: baq.kz