21 қазанға арналған ауа райы болжамы
![](/uploads/posts/2024-10/1729484386_1.jpg)
Синоптиктердің болжамына сәйкес, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, түнде елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. ҚР бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, шығыста, орталықта жел күшеюі күтіледі - делінген хабарламада.
Түнде батыста, Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік сақталады.
Сурет: ашық дереккөзден алынды