Ішсең, мықтылармен іш
– Ойбай, ойбай! – деп өзін біреу буындырып жатқандай көздері аларып, шаштарына жан біткендей қобырап, есіктен тәлтіректей баса кірген ұзынтұраның дауысы тым ащы шықты.Түскі асты қаннен-қаперсіз дайындап жүрген домаланған қара келіншек ышқына шыңғырып жіберіп, барлық көзге түсер дене мүшелері ірк-ірк етіп келе жатты.
– Не-не болды? – дей берді сасқалақтағаннан – ойбай, саған не болған? Түрің сазарып кетіпті ғой.
– Ө-ө-өл-дім-м... Өл-дім, – деп тыйыла қалған дауыстан зәресі ұшқан әйел ботасынан айырылған інгендей зарлап қоя берді.
– О-ойбай! – деп сұңқылдай жөнелді өз кезегінде әйел, – ойбай, арыстанымнан айырылғаным ба, ойбай! Халқым-ау, қайдасыңдар, ойбай!
Жаны қинала тыпырлап жатқан ұзын тұра ирелеңдеп жатқан денесін тіктеп бар ерік-жігерін жинай, сыйдиған тарамыс білектеріне сүйеніп, тірі аруақтай өңі қаша жерден жәйменен кеудесін көтере берді.
Анталаған жұрт кейін шегінді.
– Уф-ф жаным-ай... Жүрегім-ай... – деп, кеуде тұстарын соққылай бастады.
– Дәрімді ұмытып кетіппін... Домаланған қара келіншек тілі салақтай есеңгіреп отырған еріне тап берді.
Маубас әрі ішіп алған екен. Айнала аң-таң. Сілтідей тына қалған. Әйелінің көзқарасынан шошынған ұзынтұра қауын сияқты сопақ басын жерден көтеруге жігері жетпей, мұрнының астынан бірнәрселерді міңгірлеп, ақталған болады.
– Екі сүңгіп шығамын деп телефон соққан соң, – дейді күңкілдеген ұзынтұра. Содан... Қояр да қоймай қинап...
Ернін тістелеген әйел ұялғаннан өрттей қызарып, жерге кіріп кете жаздады. Осы ауылға көшіп келгендеріне көп уақыт бола қойған жоқ. Әрі күйеуінің де қызметі өзіне боларлық – кішігірім мекеменің басшысы болатын. Өзі ағартушы.
Ыңғайсызданып қалған көршілер біртіндеп тарай бастады. Олардың соңы шарбақтан шығар-шықпастан, шарт ете қалған шапалақ дыбысы естілді.
– Сүмелек. Қайдан ішіп алғансың?
Жағын сипалаған ұзынтұра иесіне еркелеген тазыдай бұраңдап, беталды ыржылықтай берді. Одан сайын «жыны» қозған әйел долдана түсті:
– Оңбаған! – дейді көгереңдеген күйі, көзінің жасы мөлт-мөлт етіп, – көтерем тоқтыдай түрің құрысын, арақ сенің не теңің. Анау «жылтыр қараға» ересің бе?.. Оның қол-аяғы балғадай.
«Жылтыр қара» деп айдар тағып тұрғаны өздерімен қатар көшіп келген ауылдағы маңдай алды азаматтарының бірі болып саналатын, осы жердің бас дәрігері болатын. Оның беделінің алысқа кеткені сондай, анау-мынау ауруларды арақпен-ақ емдеп «сылап» тастайды. Мазасы кете бастаған балалардың әкесі:
– Қойшы, жаным... Балалардан ұятты... – дейді.
– Ұят сенің не теңің. Сені де бір мекеменің басшысы, халықтың ағасы дейді-ау. Әдірем қал, пішту саған.
Бар білгенін айтып-сарқып, енді не істерін білмей қалған әйел шарасыздықтан діңкәсі құрып, қолын бір-ақ сілтеді.
– Ауданнан телефон соғып, – дейді патефонның сызат түсіп жарылған табағындай бір сөзге қайта-қайта тіреліп, сол сөзді қайталап, – телефон соққан соң амал жоқ... Суға екі рет сүңгіп шығамын деген соң...
– Екі сүңгимін дегені – екі жарты ғой...
Мынау қайда лағып барады? Екі жартысы несі?! Ерінің қотыр бетіне таңырқай-таңдана қараған әйел ешнәрсені түсіне қойған жоқ. Соны сезген еркек желпіне сөйлеп, көпіре жөнелді.
– Оның төрт-бес сүңгимін демегеніне шүкір де, – деді өзінің кессе қаны шықпайтын сараңдығын сездіріп, – содан амал жоқ, қанша жек көріп тұрсам да екі жартыны орап, көлге алып келдім...
– Иә-ә, содан... – деп әйел енді-енді түсіне бастап, – содан не болды?
– Содан қинамасы бар ма... Ішсең де ішесің, ішпесең де ішесің, әйтпесе... Ерінің шын айтып тұрғанын әйелдің іші сезді. О баста арақтан қашып жүретін күйеуі біреу қинағанда, онда да өзінен жоғары лауазымды адам болса ғана ернінің ұшымен ұрттап, соның өзінде көзі қылиланып, аузынан көбігі бұрқырай әркімге маймылдар сияқты аузы-басын қисаңдатып, тілін шығарып, көзін қысып қылжақтап қалатын. Бұл жолғысы...
– Әйтпесе не болады? – әйелдің дауысы үрейлене шықты.
– Жұмыстан қуыламын да, – деді.
Бұл сөз тас төбеден найзағай ойнағаннан кем әсер еткен жоқ. Жұмыстан кету – абыройдан жұрдай болу, досқа күлкі, дұшпанға таба болу. Бәрінен де осындай аласапыран қымбатшылықтың кезінде... Атай көрме. Аулақ. Аулақ.
Өзінің тым ағат кетіп, еріне әділетсіз тиіскенін жаңа сезген әйел, әлі де болса бірден беріле салудың ыңғайын таба алмай, ұялған тек тұрмас дегеннің керін киіп:
– Өзіңнің де көмейің бүлкілдеп. Соны ішпей-ақ қоюға болады ғой...
Сақырлаған аяздың беті қайтып, ауа райының жұмсарып сала бергеніне көңілі толған ұзынтұра енді желпіне көңілденіп сала берді.
– Ішпей-ақ қашып едім, болмады ғой, – масаттана сайрап, – Ең болмаса тіліңді батыршы деп... Ерініңді тигізші деп... Қиылып болмады ғой. Өзі айтып тұрған соң. Қалай оның сөзін тастап кетерсің? Содан көзімді жұмдым да... «Родина» – деп...
– Ішкенің жақсы болған екен, – деді қара келіншек өзінің не айтып міңгірлеп бара жатқанын сезбестен. Кенет жын қаққандай күйеуінің басын бассала құшақтап, шөпілдетіп сүйе жөнелді.
– Ақымағым менің, ішкенің қандай жақсы болған. Өте орынды. Бірақ та...
Тағы да не пәлеңді бастағалы келе жатырсың дегендей, ұзынтұра тымырая қалды.
– Бірақ та ауланы басыңа көтеріп?.. О не істегенің?..
– Сенен ішкенімді жасырғандағым ғой.
– Неге?
– Кейи ме деп... Осының алдында да... Уәде беріп едім ғой...
– Әй, әртісім-ай. Онда сен нағыз шошқалардай күлдікте аунап жатқан жоқ па едің. Онда облыстан келгенмен ішіп едің... Оқасы жоқ, сондай мықтылармен ішсең бар ғой, тура ит болып үріп кетсең де кешіремін.
Ұзынтұра әйелінің қолтығына тұмсығын тығып, жұмсақ тұстан иіскелей бастады. Еркелегені ме, анда-санда қыңсылағандай бір дыбыс шығарып қояды. Ал қара қатын әлі сөйлеп тұр:
– Тек ауылдағы жамандармен ішіп, абыройыңды айрандай төгіп алып жүрме. Ұқтың ба?
Лауазым үшін, отырған жылы орны үшін, креслосы үшін, өзінің қандай «құрбандықтарға» бара алатынын іспен дәлелдеп берген «үлгілі» отбасы басшысы, елдің ағасы әйелінің ыңғайына қарай «түсіндім» деп шыбындап тұрған есектей басын қайта-қайта шұлғып, жауап қайтарып жатты.
Ә.ЖҮСІПОВ