"Арықтау еріккеннің ермегі": Айнұр Тұрсынбаева қыз-келіншектерге кеңес берді

"Жүрек соғысы әлсіреп, қанты көбейіп, қимылы азайып, ұйықтағанда қорылдап, бас терісі майланып, шашы түсіп, аяқ-қолы жуандап, аяқтары ісіп, целлюлиті өршіп, қоғамның алдында өзіңді сүйкімсіз сезініп, мінезің ашуланшақ болып, тершеңдікпен алысып, ер азаматтың алдында өзіңді қораш сезініп, жасыңа жетпей ерте қартайып, тап-тамаша өмірді тыныш сүре алмай берекең қашып жүргеннің несі жақсы? Маған көп адам "Арықтау деген еріккеннің ермегі, сән қуу" деп қате пікір айтады. "Арғымақта арам ет болмайды" дейді қазақ! Сымбатты дене - әдемілік, денсаулықтың кепілі, өзіңді жеңіл сезіну. Артық салмақ - артық жас қосады!" - дейді Айнұр Тұсынбаева.