Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Аузына қарап, соңында жүремін": Айтыскер ақын Қарақат Әбілдинаның қызын қалай жақсы көретінін айтты

"Аузына қарап, соңында жүремін": Айтыскер ақын Қарақат Әбілдинаның қызын қалай жақсы көретінін айтты

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева Қарақат пен Қыдырәлінің қызын қаншалықты жақсы көретінін айтып берді,

Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасына Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың қызы Аяланың бейнежазбасын жүктеген. Кішкентай періштенің нәзіктігін, сүйкімділігін тілге тиек еткен ақын бар шаруамды тастай салып, Аяланың тәтті қылықтарына тамсанып отыра бергім келеді деп ағынан жарылды.
"Қонаққа Аяла Қыдырәліқызы келсе болды, бәрі жайына қалады да, бәріміз осы қыздың аузына қарап, соңында жүреміз. Бәрімізді ғашық қылған періште. Тәтті ғой тәтті. Қарақат бұл қызды қуыршақ деп ойлап қалады-ау деймін, неше түрліні орап, жапсырып қояды. Алла тағала бәріңізге осындай тәп-тәтті кәмпит қыз нәсіп етсін! Әйел бақытын тіледім", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Ақынның жазбасын көрген жұрттың бірі кішкентай Аялаға таңқаласып жатса, енді бірі балаларға арнап әдемі ән шығаруға ұсыныс тастаған.
"Сәбилерді Алла тіл-көзден сақтасын", "Қыз қылығымен сүйкімді", "Барлығыңыз жабылып, осындай бөпелерге арнап ән шығарсаңыздаршы", "Кішкентай қызғалдақ", - деп пікір жазған.
http://stan.kz


05 маусым 2019 ж. 2 747 0