Қыз екен десем

— Мына балаңыздың басы бос па? Құдаласқан жері бар ма? — дейді.
— Ойбай көтек! Не дейсіз, бұл менің келінім, — дейді кемпір.
Сонда шал:
— «Бұрынғының қойы маңырап келуші еді, ендігінің қойы аузын ашып келетін болған ба?» деген екен бір саңырау шал. Сол секілді бұрынғының келіні желек жамылушы еді, ендігінің келіні жалаң бас жүретін болған ба? Қызы қайсы? Келіні қайсы? Айырғысыз. Келініңізді қызыңыз екен деп құдалық сөйлесе жаздаппын. Айыпқа бұйыра көрмеңіз! — депті.