Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағына атлантикалық циклон ығысады. Салдарынан жауын-шашын жауады.
Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде, қалған аумақтарда қар түрінде;
Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.
"Жел, боран, көктайғақ болып, кейбір аудандарда тұман түседі. Тек ауа температурасында өзгерістер күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай