Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
ТЖМ су тасқыны кезеңіне дайындық, қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары жөнінде мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін әкімдіктер мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіретіні белгілі болды.
Өңірлерде республикалық және өңірлік кешенді жоспарлар іске асырылып жатыр.
"Су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендердің тізбесі түзетілді. Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде инфрақұрылымды нығайтуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған жобалар белсенді түрде іске асырылып жатыр. Негізгі іс-шаралар - қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, су бұру арналары мен арықтарды орнату, сондай-ақ, су өткізу құрылыстары мен нөсерлі кәріз жүйесін жөндеу", - деді ТЖМ өкілдері.
Сурет: massaget.kz/news