Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасы жауапкершілікке тартылды

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасы жауапкершілікке тартылды

Арал аудандық сотында азаматша Т-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабы 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Т. бұрын кәмелетке толмаған баласының түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне жол бергені үшін әкімшілік жазаға тартыла тұра, бұл әрекетін бір жыл ішінде қайталап, кәмелетке толмаған баласының заңды өкілінің еріп жүруінсіз сағат 23-тен кейін жүруіне жол берген.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен азаматша Т-ға ӘҚБтК-нің 829-11 бабының 2-бөлігі басшылыққа алынып, 19 266 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Арал аудандық соты
22 қаңтар 2025 ж. 81 0