Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Сотта анықталғандай, азаматша А. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамай, кәмелет жасқа толмаған баласының көлік құралын басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетін жасаған. Оның кінәсі іс құжаттарымен және кінәсін мойындаған жауабымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен А. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жыл басынан бері аудандық сотта осы тектес 46 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылған.
Арал аудандық соты