Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала тәрбиесі – жауапты іс

Бала тәрбиесі – жауапты іс

Бала тәрбиесі - бұл әрбір ата-ананың міндеті, оның өсіп-жетілуі мен болашағына жауаптылығы. Алайда, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне немқұрайлы қарайтын ата-аналар да бар.
Мәселен, Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған азаматша С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азаматша С. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндетін орындамай, кәмелетке толмаған баласының автокөлікті басқару құқығынсыз басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетін жасаған. Оның кінәсі іс құжаттарымен және кінәсін мойындаған жауабымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен С. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жыл басынан бері аудандық сотта осы тектес 41 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, олардың барлығы бойынша әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылған.
Арал аудандық соты
04 қыркүйек 2024 ж. 145 0