Бала тәрбиесі – жауапты іс

Сотта анықталғандай, азамат Н. кәмелетке толмаған 2007 жылы туылған баласының басқару құжатынсыз көлік басқаруына болмайтынын біле тұра, автокөлік басқаруына рұқсат беріп, кәмелетке толмаған адамның әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына жол берген, яғни кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерін атқармаған. Құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен азамат Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40 838 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жыл басынан бері аудандық сотта осы тектес 12 әкімшілік іс қаралып, олардың барлығы бойынша әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі